Адам құқығы, ұлттық сайлау заңнамасы және таңдау технологиялары мәселелері бойынша 3 күндік оқыту онлайн-семинарға қатысу конкурсы

ХАБАРЛАМА

Адам құқығы, ұлттық сайлау заңнамасы және таңдау технологиялары мәселелері бойынша 3 күндік оқыту онлайн-семинарға қатысу конкурсы

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» және Нұр-Сұлтан
қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі адам құқығы, ұлттық сайлау
заңнамасы және таңдау технологиялары бойынша 3 күндік оқыту онлайнсеминарына қатысуға конкурс жариялайды. Бұл шара «Мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірге қатынасуларын кеңейту» жобасы аясында өткізіледі.

Семинардың мақсаты: сайлауға қатысу мәселелері бойынша мүгедектігі бар әйел және ер адамдардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Жобаға қатысушылар сайлауға қатысу мәселелері бойынша ұлттық сайлау заңнамасы және халықаралық стандарттар, таңдау технологиялары, сайлау үрдісінің менеджменті және аталған тақырып бойынша басқа да іс жүзіндегі тәжірибелермен танысатын болады.

Жаттықтырушылар – іс жүзіндегі заңгерлер, қоғамдық қайраткерлер,
ұлттық/халықаралық сарапшылар.

Қатысушылар тренингтер нәтижесінде сайлау үрдісінің іс жүзіндегі жанжақты ерекшеліктерін ескере отырып, сайлауға қатысу жоспарын өз бетімен құра алатын болады, жоба сарапшыларынан тиісті кеңестер алады.

Кімдер үшін: Қазақстанның түрлі аймақтарынан, белсенді өмірлік
ұстанымдары бар мүгедектігі бар әйел және ер адамдар.

Өту мерзімі: 2020 жылдың тамыз айының бірінші не екінші жартысы
(анықталуда) Үміткерлерді іріктеп алу екі кезеңнен тұрады:

I кезең. Конкурске қатысу үшін 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін
төмендегідей ақпараттардан тұратын онлайн-өтінімді толтырып, жіберу қажет:

  • Байланыстық ақпарат;
  • Өзіңіз және жетістіктеріңіз туралы ақпарат;
  • Мотивациалық хат.

II кезең. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен үміткерлермен сауалнама (Zoom, Skype не телефон арқылы). Іріктеудің бірінші кезеңінен өткендер 2020 жылдың 23 шілдесінен кешіктірілмей электрондық пошталарына хабарлама алады.

Іріктеуден өткен, семинардың барлық қатысушыларына қойылатын

міндетті талап: Интернетке үзіліссіз қолжетімділіктің болуы, онлайнсеминар болғандықтан.

Толығырақ ақпарат алу үшін жобаның ассистенті Нұржамал Иминоваға мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар: +7 747 5422495 (тел./вотсап), email: nkiminova@gmail.com